7–8 сынып оқушыларының топтық өзара әрекеттесу дағдыларын және тиімді қарым-қатынасын дамытуға арналған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағдарламасын іске асыру. Біздің мектепте оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуын қолдауға бағытталған маңызды жоба – 7–8 сынып оқушыларына арналған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағдарламасы әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынас орнату, тиімді коммуникация мәдениетін дамыту және көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру.
Бағдарлама мектеп психологы Жансая Айтмуханқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Шалгимбекова К.С., сондай-ақ 4 курс студенті Ахметчина Г.Г. (Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті) бірлесіп сынақтан өткізілді.
Бағдарламаны іске асыру аясында мектеп оқушылары арасында алғашқы пилоттық жұмыстар жүргізілді. Практикалық сабақтар барысында оқушылар:
* топтық жұмыс дағдыларын дамытты;
* өз ойларын еркін жеткізуге үйренді;
* бір-бірін тыңдау және түсіну қабілеттерін жетілдірді;
* қақтығыстарды тиімді шешу жолдарын меңгерді.
Алынған нәтижелер бағдарламаның тиімділігін көрсетіп, оны әрі қарай кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бастама – мектепте қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға, оқушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуына бағытталған маңызды қадам.


