2026 жылғы 1–2 сәуір күндері өтетін «Қазақстан жаңа шындықта: өзгерістер дәуіріндегі жастар» тақырыбындағы екі күндік онлайн семинар-тренинг.
Онлайн семинар-тренингтер барысында оқушылар «Қазақстан жаңа шындықта: өзгерістер дәуіріндегі жастар» тақырыбы аясында түрлі мазмұнды жұмыстарға қатысты. Қатысушылар Президент Жолдауында көтерілген негізгі бағыттарды талдап, жаңа Қазақстанның даму перспективалары жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Семинар барысында:
* интерактивті лекциялар мен пікірталастар ұйымдастырылды;
* топтық жұмыстар арқылы өзекті мәселелер талқыланды;
* кейс тапсырмалар мен ситуациялық сұрақтар шешілді;
* оқушылар азаматтық ұстаным, патриотизм және әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарында пікір білдірді;
* қатысушылар өз ұсыныстарын ұсынып, белсенділік танытты.
Іс-шара оқушылардың сыни ойлау, талдау және коммуникациялық дағдыларын дамытуға бағытталды.



