«Заң және тәртіп» айлығы аясында іс-шаралардың өткізілуі
«Заң және тәртіп» айлығы және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп парламенті құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп «Құқық пен жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.
👮♂️ Іс-шараға қатысқан қонақтар:
— Қостанай қ. ПБ ЮОП бастығы, полиция подполковнигі Нурахметов Ж. Ж.;
— полицияның аға лейтенанты, учаскелік инспектор Майлебаев Данияр Булатович;
— полицияның аға лейтенанты, мектептің учаскелік инспекторы Серденбаев А. А.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ заң мен тәртіп, жеке жауапкершілік сияқты құндылықтардың маңызы талқыланды.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және білім алушылардың саналы мінез-құлқын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🤝 Құқықтық тәрбие беру бағытындағы ынтымақтастық пен қолдау үшін алғыс білдіреміз.


