📌 *Түлектерге арналған кәсіби бағдар беру кездесуі*

2026 жылғы 06 сәуір күні Қостанай қаласы білім бөлімінің «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.

👮‍♂️ Кездесуді Қостанай қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Зарлыков А.О. өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, оқу шарттары, талаптар және болашақ қызметтің перспективалары туралы толық ақпарат берілді.

🎯 Осындай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға және құқық қорғау органдарындағы қызметке қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.