Мектебімізде «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында білім бөлімдерінің ұсынысы негізінде деректі фильмдерді көру ұйымдастырылды. Бұл жұмыс бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша жүргізілуде және тәрбиелік, профилактикалық бағытты күшейтуге арналған.
🎬 Білім алушылар келесі деректі фильмдерді тамашалады:
* «Хулиганка»
* «Не книжные закладки»
Көрсетілімнен кейін СППС мүшесі, мектеп психологі Есімханова Ж.А.-ның қатысуымен талқылау өткізілді. Талқылау барысында білім алушылар өз ойларын білдіріп, сұрақтар қойып, фильмдерде көтерілген жағдайларды жан-жақты саралады.
Көрсетілім және кейінгі талқылау білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ саналы және жауапты мінез-құлықты дамытуға ықпал етті.


