Педагогикалық қолдау орталығы аясында маңызды іс-шара — екінші тоқсаның қорытындысына арналған ата-аналар жиналысы өтті. Бұл іс-шара «Заң және тәртіп» айлығы аясында, «Адал азамат» тәрбиелік бірегей бағдарламасының жоспарланған іс-шараларының бірі болып табылады.
Оның бір бөлігі ретінде «Қаржылық сауаттылық» платформасындағы видеороликтер негізінде ата-аналарға арналған онлайн лекция ұйымдастырылды.
Балаларымыздың қаржылық сауаттылығының маңыздылығы туралы әңгімелестік, практикалық кеңестермен бөлістік және үйде қаржылық мәдениетті дамыту жолдарын талқыладық.
Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін және болашаққа бірге жұмылуыңыз үшін алғыс айтамыз!


