Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ 2026-2027 оқу жылына қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 7 сыныпқа қабылдау жүргізеді.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 1 ақпанынан 15 сәуірге дейін http://www.qabyldau.daryn.kz/ сайтында жүргізіледі.
Құжаттар тізімі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
5) Халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.
2026-2027 оқу жылында барлық квоталарды ескере отырып, 40 оқушы (қазақ тілінде 20 оқушы және орыс тілінде 20 оқушы) қабылдау жоспарлануда.
Мамандандырылған білім беру ұйымы:
1) “Мың бала” ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін жетінші сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде;
2) Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде, квоталарды бекітеді.
Қабылданатын білім алушылардың жалпы санының 15% мөлшерінде іріктелетін әлеуметтік осал санаттағы халықтың қатарына мыналар жатады:
– жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
– мүгедектігі бар балалар;
– көпбалалы отбасылардан шыққан балалар (аналары “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған, бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ “Ана даңқы” I және II дәрежелі ордендерімен марапатталғандар);
– атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алмайтын (жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен) отбасылардан шыққан балалар;
– бірінші топтағы мүгедектігі бар ата-аналардың балалары;
– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған немесе асырап отырған отбасылардың балалары;
– отбасында тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
– төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
– мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшу немесе ұшу дайындығы барысында қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларындағы балалар.
Конкурсқа қатысуға өтінішті белгіленген мерзімдерден кейін беру немесе құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негіздері болып табылады.
Конкурс 15 мамыр – 15 маусым аралығындағы кезеңде апта сайын әрбір сенбі-жексенбі күндері өтеді. Қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган келесі оқу жылы басталғанға дейін белгілейді.
7-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
– математика және логика – 55 сұрақ;
– оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
– Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.
7-сыныпта тестілеуге бөлінген уақыт 120-ды құрайды (тест материалдарын таратуға, жауап парағының секторларын толтыруға, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарына көрсетілген уақытқа кірмейді).
Конкурс күндізгі (тестілеу арқылы) форматта өткізіледі. Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі орнатылады. Конкурс іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.
Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны “4” (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап “-1” (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( – ) * дұрыс емес жауап = жалпы қорытынды балл).
Облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ “Дарын” орталығы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары өткізетін, республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломдардың иелері жинаған баллдары тең болған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады.
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-не оқуға үміткерлерді қабылдау бос орындардың санына сәйкес ең жоғары баллдан бастап жүзеге асырылады.
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-не оқуға түсушілерге арналған конкурстың қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және конкурс өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірілмей qabyldau.daryn.kz порталында, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
