📢 Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дәріс
10-сынып оқушыларына (қыздарға) арналған «Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті жүргізген: Касенов Айбек Айдосович -ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы Қостанай облысы бойынша филиалының фельдшері.
Дәріс барысында қатысушылар жарақат алу, күйік шалу, есінен тану және шұғыл әрекет етуді қажет ететін басқа да жағдайларда алғашқы көмек көрсету қағидаларымен танысты. Медициналық қызметкерлер келгенге дейінгі дұрыс әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.
📌 Спикерге пайдалы әрі тәжірибелік маңызы жоғары ақпарат үшін алғыс білдіреміз!