🌱 Экологиялық акцияның қорытындысы

Мектебімізде «Қағазды тапсырыс — ағашты сақта» экологиялық акциясының қорытындысы шығарылды. Акция Бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал Азамат», «Қамқор» жобасы және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілді.

♻️ Акция барысында макулатураны мектеп оқушылары, ата-аналар және мектеп ұжымы бірлесіп жинап, қайта өңдеуге тапсырды. Бұл табиғи ресурстарды сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Мұндай бастамалар оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын тәрбиелейді, экологиялық сананы дамытады және мектеп қауымдастығын маңызды мақсатқа біріктіреді.

🌍 Баршаңызды экологиялық бастамаларды қолдауға, табиғатты қадірлеуге және таза болашаққа өз үлесіңізді қосуға шақырамыз!