«Заң және тәртіп» айлығы аясында және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Денсаулық және жауапкершілік» іс-шарасы өткізілді.

Біздің мектепте ҚГП «Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» профилактикалық жұмыс бөлімінің маманы Кадрон С.А. білім алушылармен профилактикалық әңгіме өткізді.

Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу, тұзды есірткілер мен алкогольдің зияны, салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғау шаралары мәселелері қарастырылды.

«Сұрақ – жауап» тренингі өткізілді, қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.