Заң және тәртіп» айлығы және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектепте «Көрсетілімдік сот отырыстары» атты іс-шара өткізілді.

⚖️ Іс-шара форматы бойынша көрсетілімдік сот отырыстарын оқушылардың өздері бастамашы болып ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қатысты істер бойынша сот процесі үлгі ретінде көрсетілді. Оқушылар судья, прокурор, қорғаушы, айыпталушы және куә рөлдеріне еніп, сот төрелігінің жұмыс тәртібі мен құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

📚 Сот отырыстарына дайындық және өткізу барысында білім алушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын, сот процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттердің салдарын зерделеді.

✅ Бұл іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталды және «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарына толық сай келеді.