✅ «Заң және тәртіп» айлығы аясында, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы шеңберінде мектебімізде құқықтық тәрбие айлығының ашылуы.
⚖️ «Заң және тәртіп» идеологемасы негізінде Қауіпсіздік бойынша бірыңғай сабақ өтті.
👮♂️ Сабаққа Қостанай облысы ПД-нің аға жедел уәкілі, полиция майоры Тумурзин Е.Е. қатысып, 10 «А» сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді.
🗣️ Кездесу барысында «Жалғантерроризм. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама» тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, оның құқықтық салдары мен жауапкершілігі туралы нақты мысалдар келтірілді.
⚠️ Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген жауапкершілігін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.


