🍊☀️ «Оранжевое солнце» акциясы ☀️🍊
Біздің мектебімізде жүрекке жылу сыйлаған игі іс өтті.
«Оранжевое солнце» қайырымдылық акциясы
Бірыңғай тәрбиелік бағдарлама – «Адал Азамат»
«Қамқор» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты — 👧👦 оқушылардың бойында эмпатияны, жанашырлықты, бір-біріне қамқор болу мәдениетін қалыптастыру,
жақынға көмектесудің маңызын түсіндіру.
Акция барысында оқушылар
мектепте күнделікті берілетін түстен кейінгі ас — полдниктен өз үлестерімен бөлісіп,
ортақ себетке жинау арқылы
кішкентай болса да жақсылық жасаудың үлкен мәні бар екенін сезінді.
🍊 Бір апельсин — бір қуаныш,
☀️ Бір игі іс — бір жүрекке жылу.
Осындай қарапайым, бірақ мазмұнды акциялар
балалардың адамгершілік құндылықтарын нығайтып,
мейірімді, жауапты және қамқор тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
✨ Бірге дәрумендермен бөлісейік,





